КУ БЕЗГЕГІНІҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРАЛУЫ: ҚЫСҚАША ӘДЕБИ ШОЛУ (2013 — 2023)

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.20.10.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ку безгегі-табиғи ошақтық зооноздық ауру, оның таралу ауқымы жер шарының барлық континенттерін қамтиды. Бұл инфекиялық ауру жиі адамдар, күйіс қайыратын жануарлар (ірі қара, ешкі және қой), құстар, кенелер, сирек бауырымен жорғалаушылар мен теңіз сүтқоректілері арасында таралған. Coxiella burnetii резервуарлары мен тасымалдаушылары — иксод кенелері болып табылады. Бұл ауру берілу механизмдері мен жолдарының әртүрлілігімен (трансмиссивті, тамақ, ауа тамшылары және шаң арқылы) сипатталады. Ауру көбінесе қызба түрінде көрініс береді. Бұл мақалада жалпы әлемдік деңгейде соңғы 10 жыл ішінде Ку безгегімен ауыратын адамдардың жиілігі қарастырылады. Ку безгегі бақыланбайтын жұқпалы аурулардың қатарына жататындықтан, оның көптеген елдерде адамдар арасында таралуын бағалау мүмкін емес. Бұл әдебиетке шолу осы тақырып бойынша ғылыми тенденциялар мен зерттеу нәтижелерін бақылаудың негізгі көзі болғандықтан, бұл зерттеудің негізгі мақсаты Ку қызбасымен ауыратын адамдардың таралуына байланысты әдебиеттерге шолу жасау. Ғылыми әдебиеттерді шолу PubMed, Scopus, Cyberlink, Web of Science және Google Scholar базаларында жарияланған мақалаларды зерттеу арқылы жүзеге асты. Деректер кілт сөздер «Ку безгегі және таралуы» және «Ку безгегі және эпидемиология» бойынша іздестірілді. Ку безгегінің жиілігі эпидемиологиялық айырмашылықтарға және аурудың анықталуына байланысты әр түрлі елдерде айтарлықтай өзгереді. ІІІ дүниежүзілік денсаулық сақтау форумында Ку безгегінің адам денсаулығына ықтимал қаупін атап өткен және осы аурудың қоздырғышының жаһандық таралуын зерттеу бойынша зерттеулер жүргізуді ынталандыратын шешімдер қабылданған. Содан бері көптеген эпидемиологиялық зерттеулер Ку безгегі Антарктида мен Жаңа Зеландиядан басқа әлемнің барлық дерлік елдерінде кездесетінін көрсетті. Осы әдебиеттерге шолу және көптеген елдерде жалғасып жатқан эпидемиологиялық зерттеулер Ку безгегін жаһандық денсаулық сақтау проблемасы ретінде қарастыру керек деп болжайды. Алайда, Қазақстан жағдайында қазіргі уақытта адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында инфекцияның таралуы туралы ақпарат жоқ, бұл Ку безгегімен сырқаттанушылықты зерттеу бойынша одан әрі зерттеулер жүргізуді талап етеді.