«Интернет-мем» және олардың түрлері

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-142-1-42-51
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Интернет-мемдер – бейвербалды құралдың бірі ретінде әлеуметтік желілерде қазіргі кезде белсенді қолданылады. Мақалада әлеуметтік желі тіліне тән осындай бейвербалды құрал – Интернет-мемдер қарастырылады. Интернет-мемнің пайда болуы ғаламтордың жанрлық құрылымының күрделенуі мен дамуына тікелей байланысты. Олар өздерінің бай семантикасы және жоғары экспрессивтілігімен ерекшеленеді. Интернет-мемнің осы ерекшелігі олардың Интернет-кеңістікте жылдам әрі кең таралуына мүмкіндік берді. Мақалада ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, Интернет-мемнің анықтамасы ұсынылды. Интернет-мем дегеніміз – әлеуметтік желідегі ғаламтор қолданушыларының қауымдастығы үшін өмір желі тәртібін көрсететін және жеке коммуникативтік пресуппозицияларды креолды және мәтіндік түрге жылдам айналдыруға бағытталған мәдени код. Интернет-мемдер екі топқа ажыратылады: креолды мемдер (сурет+мәтін) және бірыңғай мәтіндік мемдер. Креолды мемдер біртекті (гомогенді) мағыналық жүйеге ие, екі түрлі құрылымдық деңгейден тұрады: тілдік (вербалды), визуалды (графикалық, сурет, дыбыстық т.т.), дыбыстық-музыкалық, әлеуметтік желілерде тілдік жағын дыбыспен беру де кездеседі. Мәтіндік мемдер құрылымы жағынан мынадай топтарға бөлінеді: сөз-мемдер; сөз тіркесінен жасалған мемдер; сөйлем-мемдер. Мақалада осы екі топтың жасалуы, түрлері, білдіретін мағыналары сөз болады. Әлеуметтік желідегі тіл мәдениетінің сақталуы Интернет-мемдерге де қатысты. Мақалада осы мәселеге қатысты өзіндік ұсыныстар беріледі.