Жоғары оқу орындарының жаратылыстану-ғылыми жəне техникалық мамандықтары бойынша оқитын студенттерінің зерттеушілік қабілеттіліктерін дамыту

Bulletin of the Karaganda University Physics Series, 2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2020ph4/105-112
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін ұйымдастыру мəселесі өзекті міндет, себебі ол құзыретті маман даярлау кезінде маңызды құрал болып табылады. Мақала ЖОО-да студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерінзерттеуге арналған. Оқу іс-əрекеттілігімен қатар, ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілік студенттердің зерттеушілік кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді, ал бұл өз кезекте таңдалған мамандыққа деген қызығушылықты арттырады. Студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмысы болашақ мамандардың қазіргі жағдайда кəсіби ұтқырлыққа дайындығын қалыптастыруда қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Мақалада ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мəселелері қарастырылып, ЖОО-да студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін дамыту үшін мақсаттар мен міндеттер белгіленді. Студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін белсендіруге мəліметтерді модельдеу мен талдаудың заманауи компьютерлік технологияларын пайдалануымен, интерактивті əдістер ықпал етеді. Студенттер нақты мəселелерді шешуде өз білімдерін қолдана білуі, өз тəжірибесінде қолданбалы зерттеулер жүргізе білуі, жаңа стратегиялар құра білуі қажет. Зерттеу жұмысын ұйымдастырудың факультеттегі ағымдық жағдайды бағалау үшін бітіруші курс студенттері арасында сауалнама жүргізілді. Физика-техникалық факультетте жүргізілген зерттеулердің үш кезеңінің жалпыланған нəтижелері ұсынылған. Студенттер көзімен бакалавриат студенттерінің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін дамытудың заманауи жағдайларына бағалау жүргізілді, студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігіне деген қызығушылығы зерттелген. Жүргізілген сауалнама нəтижелері студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігіне айтарлықтай жоғары қызығушылығын көрсетті. Студенттерді ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігіне даярлау кезінде оқытушының рөлі жəне оның студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетекшілік етуге деген қызығушылығы маңызды екендігі көрсетілген.