Экономиканың дамуындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің рөлі мен функциялары

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2023-4-18-36
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Экономика саласындағы заманауи зерттеулерде әлеуметтік кәсіпкерлік белсенді зерттелетін салалардың бірі болып табылады. Бұл мақалада әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасы, мәні және Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі алғышарттарына талдаулар берілген. Мақалада Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпорындардың ерекшеліктері мен сипаттамалары қарастырылған. Мақаланың негізгі мақсаты – Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуын нақты мысалдармен талдай отырып, оның экономиканы дамытудағы маңыздылығын айқындау. Осы саланың ел экономикасына тигізетін ролі мен оны жетілдіруге қажетті факторларды анықтау. Әлеуметтік кәсіпкерлік - құндылықтары бағалайтын тұрақты және инклюзивті кәсіпкерлікті алға жылжыту үшін, ресурстарды дұрыс пайдалануды қамтиды. Сондықтан, әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасы әлі де толық зерттелмегендіктен, осы сала терең зерттеуді қажет етеді. Әлеуметтік кәсіпкерліктің дәстүрлі кәсіпкерліктен ерекшелендіретін негізгі факторлары - бұл кәсіпкерлердің экономикалық ресурстарды пайдалу мен әлеуметтік мүмкіндіктерді шешуі, ол - жаңашыл және заманауи жағдайларға бейімделген. Әлеуметтік кәсіпкерлікті терең зерттеу оның экономикалық рөлі мен стратегиялық міндеттерін анықтауды қажет етеді. Әлеуметтік кәсіпкерліктің мәні және оның қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі өте зор, сондай-ақ осы салада қолайлы бизнес-климатты құру қажеттілігімен анықталады. Талдау нәтижесінде әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары нақтыланып, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің белгілері, ерекшеліктері, ролі айқындалып, функцияларына талдау жасалған