АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ СУЫ ТАРТЫЛҒАН ТОПЫРАҚТАРДА ӨСІРІЛГЕН ҚАРА СЕКСЕУІЛ (HALOXYLON APHYLLUM (MINKW.)) БҰТАНЫҢ ӨСІП ӨНУІНЕ ТОПЫРАҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӘСЕРІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2023/08
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қызылорда облысындағы Арал теңізінің маңында орналасқан Қаратерең ауылындағы зерттеу алаңының жағдайында қара сексеуіл (Haloxylon aphyllum (Minkw.) Iljin) бұтаның өсіп өнуіне қоршаған ортаның, топырақ қасиеттерінің және топографиялық факторлардың әсерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Жүргізілген зерттеулер бірнеше сатыда жүзеге асырылды. Нәтижесінде отырғызылған ағаш көшеттері топырақ кескінінде 0-100 см аралығы тек құмнан құралған жердің ағаштарының өмір сүруі жоғары дәрежені құрады. Ол зерттеу алағының 25 % құрады. Ал, топырақтың кескінінде құрамы балшық пен шаңды жерлерде отырғызылған көшеттер төмен көрсеткішті көрсетті және бұл зерттеу алаңының 75-100 % солып қалған ағаштарды құрады. Аталған зерттеу жұмыстары Жапон және Қазақстан топырақтанушылары бірігіп, далалық зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру арқылы жұргізді. Осы жүргізілген зерттеу барысында қуаңшылық жерлерде көгалдандыру немесе орман өсіру жұмыстарын сәтті өткізу үшін, ағаштарды отырғызу алдында, жоспарлап бірінші кезекте экологиялық бағалауды жүргізген тиімді және қара сексеуіл бұталарын отырғызу үшін тек үстіңгі қабатында ғана құмды емес, толықтай 0-100 см топырақ тереңдігі тек құмды топырақтардан құралған жағдайда ғана, оң түрде нәтиже әкелетіні анықталды.