БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕТАПӘНДІК НӘТИЖЕЛЕРІН ДАМЫТУДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУДЫ МОДЕЛЬДЕУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.84.4.037
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамытуда қалыптастырушы баға-лауды қолдануды теориялық талдау және модельдеу ұсынылады. «Метапән» ұғымының ішкі мазмұнын құрау-шы компоненттеріберіледі. Метапәндік нәтиже, қалыптастырушы бағалау бойынша әлемдік пост зерттеулер және қалыптастырушы бағалаудың халықаралық жүйесі сипатталады. Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамытуда қалыптастырушы бағалауды қолдану –педагогикалық мәселе ретінде түсіндіріледі. Әдіснамалық негізін жүйелік, метапәндік және құзыреттілік тұғырлар құрайтындығы баяндалады. Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамытуда қалыптастырушы бағалауды қолдануды модельдеуде тұжырымдамалық,процессуалдық,пәндік-мазмұндықжәнебағалау-нәтижелікблоктар, оған сәйкес компоненттер, өлшем мен көрсеткіштер талданады. Қалыптастырушыбағалау стратегияларын жүзеге асырудың үлгісі көрсетіледі. Талдауларға сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамытуда қалыптастырушы бағалауды қолдану алгоритмдерінің барысы беріледі.Эмпирикалық бөлімде реттеушілік, оқу-танымдық және коммуникативтік әмбебап оқу әрекеттері арқылы диагностикалау жүргізіледі. әмбебап оқу әрекеттері арқылы метапәндік нәтижені дамытуда қалыптастырушы бағалауды қолдануды түсіну деңгейін анықтауға мұғалімдер мен оқушыларға арналған сауалнама жүргізілді. Сауланаманыңжүргізілу мазмұны беріліп, оның нәтижелері кесте және диаграммалар арқылы көрнекі түрде сандық және сапалық тұрғыдан өңделді.