Аңдатпа
Мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардағы тілдік құзіреттілікмәні мен компоненттік құрамы келтірілген, сонымен қатар тілдік құзіреттілікті қалыптастыруда қазақертегілерініңрөліанықталды. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (ІІІ деңгей) мектеп жасына дейінгі балалардыңбасқа адамдармен қарым-қатынасыныңдамуы төмен, сонымен қатар өзін-өзі бағалау деңгейі төмен болып табылады. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (ІІІ деңгей) мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу дағдыларын игеру қиын, бұл мектеп жасына дейінгі балалардыңсөйлеуін дамытудыңеңтиімді құралдарын табу қажеттілігі анықталады. Логопедиядағы көптеген зерттеулер сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларда сөйлеуді дамыту мәселелеріне арналғанына қарамастан, бұл тақырып өте өзекті болып қала береді, өйткені мектеп жасына дейінгі балалардыңтілдік құзреттілігін дамыту қиын түрі болып табылады