Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулар – мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру құралы

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-120-135
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кез келген тілді үйреніп білу үшін сол халықтың әдеби мұрасын, сөздік қорын, әдебиеті мен мәдениетін және жалпы түсініктерінен хабардар болудың маңызы зор. Өйткені тілдегі сөздер аудармасы арқылы қолдана беруге болатын қатынас құралы ғана емес, әр елдің өзінің ұлттық таным-түсінігімен байланысты ақпараттық ерекшеліктері де бар. Мақалада осы мәселе ескеріле отырып, қазақ тілін ағылшын аудиториясында оқытуда ескерілетін мәдениетаралық қарым-қатынас, мәдениетаралық құзыреттілік ұғымдарына назар аударылды. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулар мен олардың қолданылу аясы мағыналық, танымдық, функционалдық тұрғыдан салыстырылып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Қазақ тіліндегі туыстық атауларды шетелдіктерге оқытудың әдістемесі басты назарда ұсталды. Ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып лексикалық бірліктер тілдік деңгейлер бойынша жүйеленді. Қазақ дүниетанымы мен мәдениетіне мән беріле отырып, оларды тіл үйренудің әр кезеңінде оқытудың тиімді жолдары ұсынылды. Әр тілдік деңгейде қолдануға болатын жаттығулар мен тәсілдер таңдалып, талданып, оқыту мақсаттарына қарай жіктелді. Аталған сөздерді қолайлы ұғындырудың алғышарты ретінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулардың салыстырмалы сөздігі жасалды.