ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНАЙЫЛЫҚТЫ ФИЗИКА ПӘНІНІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/polk7321
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада «Физиканы оқытуда толықтырылған шынайылылық арқылы интерактивті визуализацияны қолдану әдістемесі» докторлық диссертация шеңберінде әзірленген және физика пәнін оқытуға арналған зерттеу материалдары ұсынылуда. Электр, магнит және дыбыс сияқты ұғымдарды қарапайым көзбен көру мүмкін емес болғандықтан, оқушыларға физиканы үйрену өте қиын болады. Толықтырылған шынайылық сияқты дамып келе жатқан технологиялар физикадағы күрделі тұжырымдамаларды жаңадан оқып бастағандар үшін физикалық құбылыстарды көзге көрінетін және қолжетімді ету арқылы білім беруді оңтайлы етіп өзгерте алады. Біз толықтырылған шынайылық негізіндегі қосымша жүйесін ұсына отырып, онда аудио динамиктердегі көрінбейтін электромагнетизм құбылыстары туралы визуалды көрсетеміз және толықтырылған шынайылық технологиясының артықшылықтарын сандық және сапалық әдістер арқылы көрсете аламыз. Атап айтқанда, біз физика пәнін оқуды және пән барысында бірігіп білім алмасу әрекеттерін толықтырылған шынайылықты қолдана отырып сынай бағалаймыз. Біздің алған нәтижелеріміз көрсеткендей, толықтырылған шынайылықтың жалпы алғанда жаңалық әсерін қамтамасыз ете, физика пәнінен білім беруде толықтырылған шынайылықтың визуализациялары оқуға оң әсерлі болу мүмкіндігін ашамыз. Зерттеу барысында толықтырылған шынайлық оқушыларға физикалық құбылыстарлы түсінуге және үйренуге визуализация арқылы көмектесті. Біз осы оқыту барысындағы әсерлерді талқылаймыз, сондай-ақ оқушылардың толықтырылған шынайылықпен өзара бірігіп оқуына оң әсер ететін факторларды анықтаймыз