ҚАЗАҚ КӨРКЕМСУРЕТТІ КИНОСЫНДАҒЫ НАРРАТИВ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.1-21
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада кинодағы нарратив ұғымына теориялық тұрғыдан сипаттама бере отырып, фильмдегі автор мен баяндаушының, кейіпкер мен баяндаушы автордың қарым-қатынасы, басты оқиғалардың қызметі мен туындының баяндалуы және автор мен көрерменнің байланысы – фильм мәтінін құрайтын тұтас жүйе екендігі туралы талданады. Нарратив түсінігінің кино өнеріндегі қолданылу ерекшеліктерін Сеймур Чатман, Михаил Бахтин, Жерар Женетт, Дэвид Бордуэлл, Жиль Делез сынды т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған нарративтік талдау жасаудың құралдары мен баяндау стильдері қазақ кинотанушыларының еңбектерінде бұрын-соңды қарастырылмағандықтан сол олқылықтың орнын толтыруды осы мақалада мақсат тұттық. Кинематография идеологияның көзі болғанына қарамастан оның үгіт-насихаттық сипатының уақыты өтті. Сонымен қатар оның коммуникациялық міндеті ақпарат теориясына ықпал етпейтіндігін көрсетті. Біз кинематографияның «ақпарат беруші» ретіндегі қызметіне тоқтала отырып, оның адресат тарапынан қабылдануы мен автор (адресант) тарапынан жеткізген бейнелік қатарды, фильм идеясын таңба-символдарға негіздей отырып, нарратологиялық талдау арқылы талқылайтын боламыз. Осы орайда кино өнеріндегі баяндау мәтіні мен дискурс, дәстүрлі баяндау сюжеті деп санауға болатын бірнеше баяндау тәсілдерінің эксперименттік қолдануға дейін өзгеруі мүмкін екендігі, фокализация мен оның түрлері режиссердің өзіндік қолтаңбасы мен стилін анықтауда негізгі құралдар екендігі жан-жақты кинотанушылық тұрғыдан ашып көрсетіледі. Мақалада фильмге нарративтік талдау жасауда Сұлтанахмет Қожықовтың «Қыз Жібек», Қалықбек Салықовтың «Балкон», Рашид Нұғмановтың «Ине», Дәрежан Өмірбаевтың «Қайрат» және Эмир Байғазинннің «Асланның сабақтары» атты туындыларын басты нысан етіп ала отырып, қазақ киносындағы нарратив мәселелері қарастырылады.