ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНА ШОЛУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/nogc5873
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

"Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ИРН AP14972847 «Деректердегі айқын емес байланыстарды анықтау мен терең талдауды жүзеге асыратын алгоритмі мен компьютерлік бағдарламасын әзірлеу» мемлекеттік бюджеттік жобасын орындау барысында, студенттерді осы тақырыптың төңірегінде дипломдық жұмыс жазуға тарту мақсатында орындалған, 6В06101-Информатика мамандығының студенті Ж. Айсаұлының бітіру жұмысында қарастырылған, деректерді талдаудың бағдарламалық құралдарына шолу жасалады. Қазіргі таңда, деректерді цифрлық түрде жинау мен сақтау ең сенімді, арзан және тиімді болып қалғаны белгілі. Сайкесінше, осы жинақталған үлкен деректерді жинау ғана жеткіліксіз – оны қандай да бір жолмен пайдалану керек. Ал пайдалану үшін деректерді талдау қажет екені анық. Екінші жағынан, әлем цифрлық сипатқа ие бола салысымен, сандармен бейнеленген әлемді талдауға арналған озық компьютерлік аналитика қажет екендігі де рас. Аналитика өздігінен емес, нақты үлгілерді жасау және үлкен деректер жиынтығымен сипатталған жағдайларда дұрыс шешім қабылдау үшін қажет. Осындай кең ауқымды мәселені қарастырудың алғашқы қадамы ретінде, бұл мақалада, үлкен деректер ұғымына тоқтала отырып, оның анықтамасы, деректер қоры жинақталатын интернет ресурстар, және осы жинақталған деректерді талдаудың ақпараттық құралдары қарастырылады. Кілтті сөздер: үлкен деректер, деректерді талдау, деректер қоры, бағдарламалық құралдар, компьютерлік аналитика."