Potential possibilities of codification of neologisms in the modern Kazakh language...

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2021.v184.i4.ph1
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қоғам дамуының нақты бір кезеңінде (1991-2020 жж.) қазақ әдеби тілінде пайда болған жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануы үдерістеріне жаңа сөздердің коммуникативті тілдік кеңістікте таралуына қарай кешенді талдау жүргізілді. Мақала авторлары неологизмдердің кодификациясы туралы түсінікті Қазақстандағы тіл саясатының тұжырымдамалары негізінде қарастырады. Осы уақыт аралығында тілдің дамуына саналы түрде араласуды жүзеге асырудың практикасы контексінде талдауға алғаш рет ұмтылыстар жасалды. Авторлар жаңа сөздердің кодификациясы атты ұғымға ғылыми анықтама береді, әрі оны тіл саясатының негізі ретінде сипаттайды. Интернеттің дамуы және әлемдік ақпараттың толассыз енуі, әсіресе, соңғы ширек ғасыр көлемінде ерекше орын алды. Осы уақыт аралығында пайда болған жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалану үдерістерін ғылыми-практикалық тұрғыдан жүйелеу, қорыту және негіздеу – Қазақстандағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі екені сөзсіз. Тілдің лексикалық қорын жетілдіруге, жаңа тілдік бірліктерді бірізділендіру мен қалыптандыруға, қазақ тілінің ұлттық корпусын табысты түрде қалыптастыруға нақты үлес қосады, сондай-ақ білім алушылардың жаңа сөздерді меңгеруінің әдіснамалық негіздерін айқындау және бейіндік мектептер үшін әдістемелік жүйені әзірлеу қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауға, қазақ тілінің қажеттілігін арттыруға ықпал етеді. Түйін сөздер: қазіргі қазақ тілі, неологизмдер, лексикалық қор, қалыптану, тіл саясаты, қазақ неологиясы және неографиясы.