«АЙҚАП» ПЕН «ҚАЗАҚТА» ЖАРИЯЛАНҒАН МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2022.4-08
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада М.Жұмабаевтың «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарық көрген өлеңдері тұтастай алынып, жүйелі түрде талдауға алынады. Журналда әйел теңсіздігін алғаш болып сөз еткен М.Жұмабаевтың «Шын сорлы» өлеңімен қатар, еліне орыс отаршылдығының көрсеткен азабын тұспалдап жеткізгісі келген «Жатыр» өлеңі арқылы ақынның қалың жұртқа үлкен ой тастауы да сараланған. Мағжанның «Күз күні», «Жазғытұры», т.б. табиғат лирикаларын қарастыруда Абайдың «Жазғытұры» өлеңімен салыстырып, ұқсастық іздеген зерттеушілердің пікірінен бөлек, мұнда тың ойлар айтылады. Журналда басылған жаз туралы Қ.Мұхамеджанов пен Қ.Кемеңгеровтің өлеңдері де қатар қарастырылып, ақынның негізгі айтпақ ойы нақты айқындалады. Ұлт тағдырына алаңдаған Мағжанның азаматтық болмыстары «Қазақ» газетінде жарияланған туындыларынан да таныла түскендігі толықтай зерделенеді. Ақынның ел мәселесін көтерген «Орал тауы», «Жарыма», «Төбет», «Есімде... тек таң атсын», т.б. өлеңдеріндегі ұлттық идея кеңінен қамтылады. «Орал тауы» өлеңінде таудың болмысы арқылы жер мәселесін көтергені ашып берілсе, «Жарыма» өлеңіндегі ақынның басты мұңы көрсетілген. «Төбет» өлеңіндегі ақынның тұспалды ойлары алғаш зерделеніп отыр. Ел тағдырын суреттеудегі Мағжанның сөз қолданысы да талдауға алынып, астарлап берудегі шеберлігі зерделенген. Ақынның үлкен үміті көрініс тапқан «Есімде... тек таң атсын» өлеңінің ерекшелігі де қамтылады. Ұлт мүддесін жоғары қойған ақын тұлғасы да барынша саралана талдауға алынады. Газетте басылған М.Жұмабаевтың «Көңіл», «Зар» өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкерлердің болмысымен қоса, табиғат лирикаларындағы ақынның суретеуіне де назар аударылды. Мақалада Мағжанның ұлттық баспасөздегі шығармалары жүйелі қамтыла келе, алашшыл ақындық тұлғасы әр қырынан ашылап зерделенеді.