Қазақ тілді жасанды интеллекттегі лингвистикалық өзгерістер

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519822
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Заманауи дәуірде адам баласының тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі жасанды интелект тілі арқылы дамуы әлемде қарқынды даму үрдісін бастан кешіп жатыр. «Жасанды интеллект» терминнінің пайда болуының 70 жылдық тарихы бар, жаңа технологияларды игерудің адамзат баласы үшін зор мүмкіндіктері ғылымның әр саласына үлкен төңкерістері әкелді. Зеттеудің ғылыми-тәжірибелік рөлі ЖИ тілінің жаппай қолданысқа енуі лингвистикалық зерттеулердің жаңа бағытын туғызады. Бай қалыптасқан сөздік қоры бар, құрылымдық заңдылығы әрі функционалдық – семантикалық, эмоционалды-мәнерлілігі қуатты, когнитивті-ассоциациалық талғамы жоғары, коммуникативті-прагматикалық, прагмастилистикалық әлеуеті күшті ана тіліміздің салауатты, сымбатты өміршеңдігі ЖИ тілінде сақталып қалу тұрғысынан лингвистикалық болжау мен бағамдау жасау осы мақаланың басты мақсаты болып саналады. Қазіргі пайдаланылып жатқан ЖИ-дағы сөйлеу мен жазу парадигмасында сөз лингвистикасының табиғи тіл үлгісіндегі және жасанды тіл үлгісіндегі лингвистикалық мүмкіндіктері сараланады. Олай болса, компьютерлік ғылым саласының жаңа бағыты болып саналатын ЖИ тілін зерттеу барысында саласын зерттеген әлемдік және отандық ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Мақалада қазіргі пайдаланылып жүрген қазақ тіліндегі ЖИ тілінің ана тілдің ұлттық байлығын пайдалаудың олардың құрылымдық трансформациалануы және функционалды-семантикалық, куммулятивтік, концептуалды- ассоциациалық мәнін жүйелеу міндеті негізінде қарастырылады. Түйін сөздер: жасанды интеллект, табиғи тіл, жасанды тіл, лингвистикалық ерекшеліктер, семантикалық мәні, сөз және мәтін.