ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКА: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КОДТАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ ПАРАДИГМАЛАРЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.3.74.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазақ тіліндегі фразеологизмдердің экспрессивтік стилистикалық парадигмалары негізінде ұлттық кодтың ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Мақаланың негізгі мақсаты –қазіргі қазақ тіліндегі ұлттық кодты анықтайтын фразеологизмдердің экспрессивтік стилистикалық лингвомәдени сипатын зерттеу, тілдегі экспрессивтіліктің ауызекі сөйлеу тілі және кітаби жазба тілдің салыстырмалы арақатынасын анықтау.Зерттеу жұмысында шетелдік және отандық ғалымдардың фразеологизмдердегі рухани құндылықтарды дамытуға қатысты тұжырымдарын,негізгі бағыттары мен идеяларын басшылыққа алып, пайымдауларына сүйену, лингвостилистикалық ерекшеліктерді арнайы қарастыру маңызды. Мақалада Р. Сыздықова, Н. Уәли, Ғ. Смағұловалардың еңбектеріндегі экспрессивтік сөз оралымдарының қызметіне лингвостилистикалық талдау жүргізу арқылы нәтижеге қол жеткізілді. Бұл мақаланың ғылыми маңыздылығын көрсетеді. Ұлттық кодтың негізін құрайтын фразеологиялық бірліктердің тілдік парадигмалар сабақтастығындағы ұлттық-мәдени аспектілерінің ерекшеліктерін талдау, функционалды және экспрессивтік стилистиканың бинарлық бірлігін таныту мақаланың жаңалығы болып табылады. Зерттеудің ғылыми құндылығы мен практикалық маңыздылығы қазақ тіліндегі фразеологизмдердің экспрессивтік қолданысын терең талдауға негіз болып, аталған мәселені түбегейлі зерттеуге ықпал ететін тілдік материалдарды бейімдеу бойынша деректерді жүйелей отырып, тіл қазынасындағы лингвомәдени ақпараттың бейнелі сипатта жеткізілуін қамтамасыз етуінде. Зерттеу әдіснамасының сипаттамасында ғалымдардың дүниетанымдық, гносеологиялық, эмпирикалық, теориялық негіздері, тұжырымдамалық ойлары мен ұстанымдары қолданылды.Зерттеу нәтижелері әдістемелік көмек ретінде де, лингвостилистиканың мәселелерін анықтауда қызмет ете алады. Себебі қазақ тілінің ұлттық ой-өрісі ғаламдық парадигмалар тұрғысынан талданып, тіл дамытудағы лингвомәдени модельдер ұсынылды. Ұлттық код парадигмаларының ақпараттық, когнитивтік, психолингвистикалық мәселелерін қарастыруда бақылау, жинақтау, талдау әдістері қолданылып, зерттеу жұмысының қорытындысы жазылды. Бұл тақырып лингвомәдени стилистика саласы үшін құнды. Өйткені қазіргі кезеңде тілдің қатысымдық қызметінің лингвомәдени тұрғыдан дамуы аса өзекті. Бұған қоғамда орын алып жатқан тілдік жағдаяттағы өзгерістер дәлел.Зерттеу әдістемесі жүйелі, теориялық талдау, сипаттамалық әдістер мен озық тәжірибелерді пайдалануға негізделген. Мақаланың объектісі –арнаулы курс ретінде жоғары оқу орындарында, лингвотеориялық, лингвоқолданбалық бағыттарда зерттеу жүргізетін ғалымдарға, ЖОО-да оқитын студенттерге, магистранттарға лингвистикалық білім беру үрдісі. Мақаланың зерттеу нысаны ретінде ұлттық кодқа бейімделген қазақ тіліндегі фразеологизмдердің экспрессивтік стилистикасының негіздері мен тетіктері анықталды. Зерттеу пәні –фразеологиялық бірліктердің тілдік парадигмалар сабақтастығындағы ұлттық-мәдени аспектілерін, ақыл-ой өрісін, гендерлік тіл табиғатымен өзектесіп жатқан ерекшеліктерін талдау.