Педагогикалық бағыттағы бейіндік сыныптар: мүмкіндіктері мен перспективалары

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-3-276-295
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада педагогикалық бағыттағы бейіндік сыныптардың мектеп оқушыларының мұғалім мамандығына қызығушылықтарын арттыру ықпалының нәтижелері қарастырылған. Зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес педагогикалық бағыттағы бейіндік сынып оқушыларының мамандыққа қызығушылықтарын қалыптастыру, педагогикалық мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, кәсіби бағдарлау жолдары қарастырылған.Ғылыми деректерді талдау мен жалпылау әдістерінің негізінде жасалған талдаулар педагогикалық бағыттағы бейіндік сыныптарды дамыту, оларды мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орны және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби бағдарлау жүйесінің маңызды тетігі ретінде жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Алынған нәтижелер педагогикалық сыныптарда оқушылар мамандықтың ерекшеліктерімен ерте танысуға, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді. Педагогикалық бағыттағы бейіндік сыныптарда мектеп оқушыларын мұғалім мамандығына бейімдеу бойынша зерттеу Астана қаласы мектептерінің педагогтері (n=6) мен (n=240) оқушылары қатыстырылып, қызығушылық деңгейлері анықталып, болашақ мамандыққа кәсіби бағдарлау бойынша ұсыныстар жинақталды. Респонденттер жауабынан педагогикалық сыныптар жұмысы болашақ мамандыққа қызығушылықты арттыруда теориялық және практикалық даярлықты күшейту, кәсіби бағдар мен беімдеуге бағытталған кешенді педагогикалық-психологиялық қолдау жүйесін дамытудың қажеттілігі анықталды. Зерттеу нәтижелері педагогикалық кадрларды даярлаудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге, педагогикалық мамандыққа ерте кәсіби бағдарлану бағыттарын жетілдіруде пайдалануға болады.