Зияты зақымдалған білім алушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру: STEM-технологиялардың әлеуеті

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-3-240-255
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өмірлік және әлеуметтік-еңбек дағдыларын қалыптастыру зияты зақымдалған білім алушыларда дербестікті қалыптастырудың, әлеуметтік бейімделудің және күнделікті өмірге қосылудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.Зерттеудің мақсаты – зияты зақымдалған білім алушылардың өмірлік және әлеуметтік-еңбек дағдыларының қалыптасу ерекшеліктерін анықтау және STEM технологиялардың анықталған білім беру қажеттіліктерін дамыту әлеуетін теориялық тұрғыдан негіздеу. Эмпирикалық зерттеу Қазақстан Республикасының төрт өңіріндегі 23 білім беру ұйымының базасында жүргізілді. Іріктеме 97 білім алушыны құрады. Бағалау үшін төрт блокқа біріктірілген 16 көрсеткішті қамтитын диагностикалық парақ пайдаланылды: өзіне-өзі қызмет көрсету және өмірлік тәуелсіздік; әлеуметтік-коммуникативтік дағдылар; еңбек дағдылары және қызметке дайындық; дербестік, жауапкершілік және өзін-өзі реттеу. Нәтижелер өмірлік дағдылардың біркелкі қалыптаспауын анықтады: ең жоғары көрсеткішті өзіне-өзі қызмет көрсету және өмірлік тәуелсіздік дағдылары бойынша (3-тен 1,63 балл), ал ең төмен көрсеткішті тәуелсіздік, жауапкершілік және өзін-өзі реттеу дағдыларынан (1,19) байқаймыз. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – жеке өмірлік дағдылардың қалыптасуы мен біртұтас тәуелсіз қызметті ұйымдастыру қабілетінің арасындағы айырмашылықтарды анықтау.Ең үлкен қиындықтар орындалатын жұмыстың сапасын бақылаумен, өз қызметін бағалаумен және нәтижеге жауапкершілікпен байланысты. Жеке игерілген операцияларды орындау және қызметтің біртұтас процесін дербес ұйымдастыру, бақылау және бағалау қабілеті арасында айырмашылық бары анықталды. Анықталған білім беру қажеттіліктерін STEM тәсілінің сипаттамаларымен салыстыру оның әлеуетін, ең алдымен, тапсырманы қою, әрекеттерді дәйекті орындау, нақты нәтиже алу, оны тексеру және түзетуді қамтитын құрылымдық практикалық қызметті ұйымдастыруда қарастыруға мүмкіндік береді. Нәтижелердің практикалық маңыздылығы – білім алушылардың дербестігін, өзін-өзі реттеуін және практикалық қызметтің тұтас циклін орындау қабілетін дамытуға бағытталған бейімделген STEM тапсырмаларын әзірлеу кезінде оларды пайдалану мүмкіндігі. Бұл тәсілдің тиімділігі одан әрі эксперименттік тексеруді қажет етеді.