«ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ» ТАРАУЫН ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ОҚЫТУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1281
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 9-сыныпта «Электролиттік диссоциация теориясы» тарауын ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) оқушыларға инклюзивті сынып жағдайында оқытудың әдістемелік ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – химия пәніндегі күрделі және абстрактілі ұғымдарды барлық білім алушылар үшін қолжетімді етуге бағытталған тиімді оқыту тәсілдерін ұсыну. Жұмыста электролиттік диссоциация теориясының химия ғылымындағы орны мен маңызы талданып, дәстүрлі оқыту әдістерінің инклюзивті білім беру жағдайындағы шектеулері айқындалған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психология-педагогикалық ерекшеліктері ескеріле отырып, қарапайым тілмен түсіндіру, визуалды құралдар мен схемаларды қолдану, модельдеу, тәжірибелік жұмыстарды бейімдеу және жасанды интеллект технологияларын пайдалану жолдары жүйеленді. «Электролиттік диссоциация теориясы» тарауы мектеп химия курсындағы ең күрделі әрі теориялық тұрғыдан абстрактілі бөлімдердің бірі болып табылады. Бұл тарау иондар, заряд, диссоциациялану дәрежесі, ерітіндідегі бөлшектердің өзара әрекеттесуі сияқты көзге көрінбейтін микродеңгейдегі процестерді түсіндіруді талап етеді. Сондықтан ол көптеген оқушыларға, әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) білім алушыларға қиындық туғызады. Сонымен қатар, «Электролиттік диссоциация теориясы» тарауы инклюзивті оқыту әдістерінің тиімділігін зерттеу үшін өте қолайлы. Себебі бұл тақырыпты меңгеру барысында визуализация, модельдеу, тәжірибелік жұмыстарды бейімдеу, цифрлық және жасанды интеллект технологияларын қолдану ерекше маңызды рөл атқарады. Мұндай әдістер ЕБҚ оқушылардың абстрактілі ұғымдарды нақты образдар арқылы қабылдауына мүмкіндік береді. Осылайша, зерттеу нысаны ретінде «Электролиттік диссоциация теориясы» тарауының таңдалуы оның теориялық маңыздылығымен, оқытудағы күрделілігімен және инклюзивті білім беру жағдайында тиімді педагогикалық тәсілдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беруімен негізделеді. Бұл тарауды бейімдеп оқыту инклюзивті химия білімін дамытуға бағытталған өзекті ғылыми-практикалық мәселе болып табылады. Зерттеу нәтижелері бейімделген әдіс-тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдану ЕБҚ оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, электролиттік диссоциация теориясын меңгеру сапасын жақсартатынын көрсетті.