Түркі халықтары фольклорындағы жылан арбау мәтіндерінің құрылымдық-типологиялық ерекшеліктері

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2026.3-14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ және түркі фольклорындағы жылан арбау мәтіндері – халықтың көне дүниетанымы мен дәстүрлі наным-сенімдер жүйесімен байланысты ұлттық мұраның маңызды үлгісі ретінде қарастырылады. Арбау мәтіндері халықтың табиғат құбылыстары мен қауіпті жаратылыстарға қатысты қалыптасқан наным-сенімдерімен, сондай-ақ сөздің магиялық күшіне негізделген дәстүрлі тәжірибелерімен тығыз сабақтас. Жылан арбау мәтіндері – қазақ фольклорында кездесетін үлгілердің бірі. Олардың құрамында магиялық, бұйрық мәніндегі сөздер және түрлі символдық бейнелер бар. Талдау нәтижесінде жылан арбау мәтіндерінің белгілі бір тұрақты құрылымға ие екені анықталды. Әдетте мұндай мәтіндерде тыңдаушыға қарата сөз айту, нысанды атау, киелі тұлғаларды еске алу, бұйрық сипатындағы сөздер айту және соңында белгілі бір нәтижеге бағытталған қорытынды сөздер сияқты құрылымдық бөліктер болады. Сонымен қатар мәтіндерде дыбыстық қайталаулар, әсерлі тұрақты тіркестер қолданылып, магиялық ықпал күшейтіледі. Жылан бейнесі көбіне қауіп-қатерді білдіретін мифтік нышан ретінде аталады. Салыстырмалы талдау қазақ, қырғыз, алтай және басқа да түркі халықтарының арбауларында ұқсас құрылымдық үлгілердің бар екенін көрсетеді. Бұл түркі халықтарының дәстүрлі дүниетанымында ортақ мифологиялық түсініктер сақталғанын дәлелдейді. Зерттеуде жылан арбау мәтіндері тек емшілік мақсаттағы сөздер ғана емес, сонымен бірге түркі халықтарының магиялық наным-сенімдерін және дүниетанымдық жүйесін бейнелейтін маңызды фольклорлық мұра екені зерделенді. Зерттеу барысында мәтіндік, құрылымдық және салыстырмалы-типологиялық талдау, сондай-ақ герменевтикалық түсіндіру әдістері пайдаланылды.