ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫНДА КӘСІБИ ЖӘНЕ ЖҰМСАҚ ДАҒДЫЛАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63597/uto3105-4161.2026.7.3.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада педагогикалық колледж студенттерінің педагогикалық практика барысында қалыптасатын кәсіби (hard skills) және жұмсақ (soft skills) дағдыларын бағалаудың педагогикалық шарттары мен ӛлшемдері қарастырылады. Зерттеу бойынша алынған студенттердің кәсіби құзіреттілігін, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, рефлексивтік дағдыларын анықтауға бағытталған бағалау критерийлері мен кӛрсеткіштері ұсынылады. Зерттеудің мақсаты -студенттердің жас ерекшелігін ескере отырып, осы дағдыларды бағалаудың педагогикалық шарттарын негіздеу, ӛлшемдері мен кӛрсеткіштерін нақтылау. Зерттеуде ғылыми әдебиеттерді талдау, сауалнама, ӛзін-ӛзі бағалау, ӛзара бағалау, педагогикалық бақылау және модельдеу әдістері қолданылды. Эмпирикалық деректер Астана және Қызылорда қалаларындағы педагогикалық колледждерде, 01140100 –«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2024-2026 жылдары жинақталды. Зерттеу барысында педагогикалық практикаға арналған дағдылар картасы әзірленіп, hard skills пен soft skills-ті бағалаудың құрылымдық компоненттері мен критерийлері айқындалды. Практикаға дейінгі және кейінгі ӛзін-ӛзі бағалау нәтижелері студенттердің бірқатар дағдылары бойынша оң ӛзгерісті кӛрсетті; топтық рефлексия олардың әрі қарай кәсіби дамуына қажет бағыттарды нақтылауға мүмкіндік берді. Ұсынылған ӛлшемдер педагогикалық практика үдерісінде студенттердің кәсіби және тұлғалық әлеуетін кешенді бағалауды қамтамасыз етеді.Бағалау нәтижелері студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және педагогикалық қызметке бейімделу үдерісін жетілдіруге негіз боладыі.