ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУДІ ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ: ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНДЕГІ БАҒАЛАУ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63597/uto3105-4161.2026.7.3.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу Индустрия 4.0 жаһандық сын-қатерлері мен білім беруді цифрландыру жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру (ТЖКББ) ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін бағалау сапасын арттыру мәселелеріне арналған. ҚазақстанРеспубликасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы No32 бұйрығы аясындағы реформалар контексінде «Педагогика» және «Психология» пәндері бойынша тестілеу құралдарын психометриялық талдаудың (макро және микродеңгейде) ғылыми-әдістемелік маңызы негізделген.Зерттеу барысында Классикалық тест теориясының(CTT) негізгі көрсеткіштері - Кронбах альфасы (alpha), валидтілік, тапсырманың қиындық деңгейі (P), саралау коэффициенті (D) және дистракторлардың тиімділігі бойынша 280 қатысушы мен 50 тест тапсырмасының тестілеу нәтижелеріне математикалық-статистикалық талдау жүргізілді. Германия, Ұлыбритания, Сингапур және АҚШ-тың халықаралық бағалау модельдерімен салыстырмалы талдау жасалып, отандық бағалау жүйесін модернизациялау бағыттары айқындалды.Психометрикалық мониторинг тест сапасын арттыруға, екіұшты сұрақтар мен жұмыс істемейтін дистракторлардыжоюда жоғары тиімділік көрсетті. Зерттеу нәтижелері тест тапсырмалары банкін сапалы жаңартуға, педагогтердің «профильдік кемшіліктерін» анықтауға және біліктілікті арттыру курстарын мақсатты жоспарлауға мүмкіндік береді. Осылайша, психометриялық сүзгі ТЖКББ жүйесіндегі бағалаудың объективтілігі мен академиялық адалдығының негізгі кепілі ретінде дәлелденді.