COMPARATIVE CHARACTERIZATION AND COMPOSITION OF MILK FRACTIONS IN DROMEDARY (CAMELUS DROMEDARIUS) AND BACTRIAN (CAMELUS BACTRIANUS) CAMELS

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v78.i3.377
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу Түркістан облысынан алынған, боталағаннан кейін 150 ± 15 күн өткен жеті екі өркешті түйенің (Camelus bactrianus) және он төрт бір өркешті түйенің (Camelus dromedarius) цистерна (Ц), альвеола (А) және қалдық (Қ) сүтінің көлемі мен құрамын салыстырмалы зерттеуге бағытталған. Зерттеудің басты мақсаты екі түйе түріндегі сүт фракцияларының арақатынасын, физика-химиялық құрамын, дәрумендік және минералдық ерекшеліктерін анықтау.. Түйелерге дене салмағының 1 кг-ына 10 мкг мөлшерінде Атозибан (CAS 90779-69-4) препараты, кейін әр жануарға 4 мл окситоцин (РҚ-ЛС-5№022381) препараты енгізіліп, дәстүрлі әдіс бойынша үйретілген сауыншыларымен қолмен сауылды. Әр жануардан цистерналық, альвеолярлық және қалдық сүт үлгілері жиналып, ақуыз, құрғақ зат, майсыз құрғақ зат, май, тығыздық, рН, соматикалық жасушалар саны, С дәрумені, сондай-ақ А, D, Е дәрумендері мен макро-, микроэлементтердің мөлшері анықталды. Дромедар түйелерінде жалпы сауылған сүттің 2,77%-ын цистерналық, 91,18%-ын альвеолярлық және 6,05%-ын қалдық сүт құраса, бактриан түйелерінде бұл көрсеткіштер сәйкесінше 6,84%, 87,87% және 5,93% болды. Май мөлшері цистерналық сүттен қалдық сүтке қарай тұрақты түрде жоғарылап, дромедарларда 1,94-тен 5,96%-ға дейін, ал бактриандарда 2,48-тен 6,25%-ға дейін өзгерді. Ақуыз мөлшері және рН барлық фракциялар арасында салыстырмалы тұрақтылықты көрсетті. Альвеолярлық сүтте макро- және микроэлементтердің басым көпшілігінің концентрациясы төменірек анықталды, ал майда еритін дәрумендер негізінен альвеолярлық және қалдық сүтте кездесті. Аталмыш зерттеу алғаш рет Қазақстан жағдайында екі өркешті түйелердің сүт фракцияларының құрамына кешенді сипаттама беріп, дромедар және бактриан түйелеріндегі сүттің фракциялану ерекшеліктерін салыстыра қарады. Алынған нәтижелер түйе сауу технологиясын жетілдіруге, сүт сапасын бағалауға және өндірістік сауу жүйелерін оңтайландыруға ғылыми негіз бола алады. Нәтижелерді сауын машинамен сауылатын түйелерде растау ұсынылады.