PATTERNS OF CHANGE IN HUMUS CONTENT IN LIGHT CHESTNUT SOIL OF SOUTHEASTERN KAZAKHSTAN UNDER LONG-TERM APPLICATION OF MINERAL FERTILIZERS AND MANURE

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v78.i3.368
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы суармалы ашық қара-қоңыр топырағындағы қарашірік құрамына минералды тыңайтқыштар мен түрлі қарқындылықтағы көңді ұзақ уақыт қолданудың әсері зерттелді. Зерттеулер 1991 жылы негізі қаланған ұзақ мерзімді көпфакторлы стационарлық тәжірибеде толық емес факторлық 1/8 (4×4×4×4), схема бойынша жүргізілді. Тәжірибе 32 нұсқаны екі қайталаудан тұрады. Топырақ үлгілері 0-30 см қабаттан алынын, қарашіріктің құрамы Тюрин әдісімен анықталды. Алынған нәтижелер дисперсиялық регрессиялық талдау әдісімен өңделді. Қарашірік мөлшерін сипаттайтын жоғары детерминация коэффициентіне ие регрессиялық модель алынды (R2 = 0.96). Көңді жеке енгізу қарашіріктің құрамын 2,14-тен 2,42% - ға, яғни 0,28 абсолютті %-ға арттырғаны анықталды. Ал толық минералды тыңайтқыштың (NPK) әсері әлдеқайда төмен болып, бақылау нұсқасының көрсеткішіне жақын болды. Минералды тыңайтқыштар мен көңді бірге қолдану қарашіріктің ең жоғары деңгейін 2,44%-ға дейін қамтамасыз етті. Көңмен бірге енгізілген азот тыңайтқыштары қарашіріктің жиналуына оң әсерді әлсіретті. Ең жоғарғы әсер көңді фосформен бірге қолдану арқылы алынды, бұл жағдайда қарашіріктің мөлшері 2,54% - ға дейін артты, ал фосфор тыңайтқышын жеке қолдану көрсеткіштің 2,07% - ға дейін төмендеуіне әкелді. Фосфор мен калийді бірге қолданғанда қарашіріктің мөлшері 2,18% - ға жетіп, бұл тек фосфор енгізілген нұсқамен салыстырғанда 0,11 абсолюттік пайызға жоғары болды. Зерттеу нәтижелері суармалы ашық қара-қоңыр топырағының қарашірік күйін тұрақтандыруда қолданылатын органикалық заттардың шешуші рөлін растайды және регрессиялық модельдерді қолдана отырып, тыңайтқыштардың осы көрсеткішке ұзақ әсер етуін сандық бағалау мүмкіндігін көрсетеді.