ҚАЗАҚСТАНДА СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРЫ

International Journal of Economics and Project Management, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2026.3.3.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда су ресурстарын пайдалану тиімділігінің экономикалық және әлеуметтік факторлары зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі суды ұтымды пайдалануды, экономикалық тиімділікті және сумен жабдықтаудың әлеуметтік қолжетімділігін үйлестіру қажеттілігіне байланысты. Зерттеудің мақсаты Қазақстанда су ресурстарын пайдалану тиімділігінің экономикалық пен әлеуметтік факторларын анықтау және оны арттырудың негізгі бағыттарын айқындау болып табылады. Ақпараттық базаны Қазақстан Республикасының 2020–2024 жылдардағы ресми статистикалық деректері құрады. Зерттеуде динамикалық, салыстырмалы және құрылымдық-логикалық талдау әдістері қолданылады. Экономикалық факторлар суық су бағасының, су бұру қызметтерінің және өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған ауыз судыңсерпіні негізінде бағаланды. Зерттеудің әлеуметтік жағы қала және ауыл тұрғындарының қауіпсіз сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі арқылы қаралды. 2020–2024 жылдары суды пайдалану құнының айтарлықтай өсуі байқалды, сонымен бірге ауылдық жерлерде сумен жабдықтаудың қолжетімділігінің едәуір кеңеюі және қала мен ауыл арасындағы алшақтықтың қысқаруы анықталды. Зерттеу нәтижелері суды пайдалану тиімділігін арттыру экономикалық ынталандыруды технологиялық жаңғыртумен, өндірістің су сыйымдылығын төмендетумен, суды қайта пайдалануды дамытумен, инфрақұрылым сенімділігін арттырумен және су қызметтерінің әлеуметтік қолжетімділігін сақтаумен ұштастыруды талап ететінін көрсетеді. Алынған нәтижелер негізінде Қазақстанда су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырудың басым бағыттары айқындалды.