БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.82.3.030
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ғылыми-коммуникациялық дағдыларының курс бойынша қалыптасу ерекшеліктерін анықтау және оларды дамытуға ықпал ететін педагогикалық шарттарды негіздеу. Зерттеу сипаттамалық-салыстырмалы дизайнда жүргізілді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 6В01203 – «Мектепке дейінгі білім беру» білім беру бағдарламасында оқитын 173 студент авторлар әзірлеген онлайн сауалнамаға қатысты. Жауаптар оқу курстары бойынша топтастырылып, жиілік пен пайыздық үлестер негізінде сипаттамалық тұрғыдан талданды. Нәтижелер ғылыми мәтінді толық түсінетінін көрсеткен студенттердің үлесі бірінші курста 27,8%, төртінші курста 81,8% болғанын көрсетті. Сонымен бірге ғылыми мақала жазудағы қиындық бірінші курста 55,6%, төртінші курста 75,0% деңгейінде сақталған; үшінші курс студенттерінің 69,2%-ы баяндама мен презентация дайындауда қиналатынын көрсеткен. Алынған деректер ғылыми ұғымдар туралы хабардарлық пен оларды жазбаша және ауызша ғылыми коммуникацияда қолдану арасында алшақтық бар екенін аңғартады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы студенттерінің ғылыми-коммуникациялық дағдыларының курс бойынша біркелкі емес бейінін сипаттап, анықталған қажеттіліктерді мақсаттық, мазмұндық, ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ақпараттық-технологиялық және кадрлық шарттар жүйесімен байланыстыруында. Ұсынылған шарттар теориялық және диагностикалық негізде тұжырымдалды.