Аңдатпа
Қазіргі климаттық өзгерістер мен қуаңшылықтың жиілеуі жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі – су ресурстарын тиімді пайдалану болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты – Шығыс Қазақстанның қуаң аймақтарында топыраққа енгізілетін гидрогель мөлшерінің топырақтың ылғал сақтау қабілетіне, өсімдіктің өсуіне және жаздық бидай өнімділігіне әсерін тәжірибелік тұрғыда бағалау. Бұл жұмыста гидрогельдерді Қазақстанның құрғақ климаттық жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған су үнемдеу технологиясы ретінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Далалық және зертханалық зерттеулер нәтижесінде гидрогельдерді 25–30 кг/га мөлшерінде қолдану топырақтағы ылғал режимін жақсартып, өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуын күшейтетіні және құрғақшылық стрессіне төзімділікті арттыратыны анықталды. Гидрогельдің оңтайлы мөлшері өнім көлемін едәуір көбейтіп, су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл аймақтың агроөнеркәсіп саласының тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дайындалған гидрогельдер ылғалды тек сақтап қана қоймай, оны өсімдік тамыры орналасқан аймақта біртіндеп бөліп шығарады. Соның арқасында өсімдіктердің суға қолжетімділігі артады. Әзірленген технологияны енгізу топырақ бетінен ылғалдың физикалық булануын 3,6–3,8%-ға дейін төмендетіп, суару суын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде тамыр аймағындағы ылғал мөлшері 3,2–3,6%-ға артып, өсімдіктердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.Жалпы алғанда, суару суын үнемдеу деңгейі 50%-ға дейін жетті, бұл су ресурстары шектеулі аймақтар үшін аса маңызды нәтиже болып табылады. Бұл гидрогель негізіндегі жүйелердің әмбебап әрі ауыл шаруашылығында қолдануға тиімді технология екенін дәлелдей