EVALUATION OF THE BIOLOGICAL EFFICACY OF BIOPREPARATIONS AGAINST THE DIAMONDBACK MOTH (Plutella xylostella (L.)) ON RAPESEED CROPS

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v78.i3.363
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында рапс (Brassica napus L.) егістіктеріндегі қырыққабат күйе көбелегіне (Plutella xylostella (L.)) қарсы биологиялық қорғау құралдарын қолданудың тиімділігін бағалау нәтижелері келтірілген. Қырыққабат күйе көбелегі рапстың вегетациялық кезеңінде елеулі зиян келтіретін және жоғары тығыздықта дақыл өнімділігінің төмендеуіне әкелетін негізгі зиянкестердің бірі болып табылады. Зерттеулер 2024–2025 жылдары «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылымизерттеу институты» ЖШС-нің органикалық егістік алқаптарында және «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасында жүргізілді. Рапстың вегетациялық кезеңінде зиянкестердің таралуы мен санын анықтау мақсатында стандартты фитосанитарлық және энтомологиялық әдістер негізінде тұрақты мониторинг жүргізілді. Биологиялық препараттар ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) арқылы енгізіліп, олардың биологиялық тиімділігі өңдеуден кейінгі 3, 7 және 14-тәуліктерде Аббот формуласы бойынша есептелді. Фитосанитарлық мониторинг нәтижесінде рапс егістіктерінде қырыққабат күйе көбелегі жұлдызқұрттарының тығыздығы 3–4 дана/өсімдікке дейін жетіп, экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталды. 2024 жылғы тәжірибелерде биологиялық препараттар кешендерінің тиімділігі өңдеуден кейінгі 14-тәулікте 94,4–100,0%-ды құрады. 2025 жылы Streptomyces avermitilis, Bacillus thuringiensis негізіндегі және басқа да биологиялық препараттар кешендерін қолданғанда 14- тәуліктегі биологиялық тиімділік 91,5–94,9% аралығында болды. Зерттеу нәтижелері биологиялық препараттарды ҰҰА арқылы қолдану рапс егістіктеріндегі қырыққабат күйе көбелегінің санын тиімді төмендететінін көрсетті. Алынған нәтижелер аталған тәсілді рапсты интеграцияланған және экологиялық бағдарланған қорғау жүйесіне енгізудің перспективалы екенін және химиялық пестицидтерге түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.