ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІ ДАМУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК САРАЛАНУЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2026.3.3.018
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігінің дамуындағы өңірлік саралануды зерттеуге арналған. 2023–2025 жылдардағы статистикалық деректер негізінде 35 жасқа дейінгі тұлғаларға толық тиесілі тіркелген және нақты жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға салыстырмалы, құрылымдық және статистикалық-талдамалық талдау жүргізілді. Ұйымдастырушылық құрылымды бағалау үшін корпоративтік бағдарлану коэффициенті пайдаланылды, ал екі ұйымдастырушылық нысанның нақты белсенділігін салыстыру үшін авторлық корпоративтік белсенділік алшақтығы көрсеткіші ұсынылды. Зерттеу нәтижелері жастар кәсіпкерлігі субъектілерінің корпоративтік бағдарлану және белсенділік деңгейлері бойынша елеулі өңірлік әркелкіліктің бар екенін көрсетеді. Ең айқын айырмашылықтар ірі қалалар мен кәсіпкерліктің негізінен жеке нысаны басым өңірлер арасында анықталды. Заңды тұлғалардың жоғары үлесі әрдайым олардың нақты белсенділігінің салыстырмалы түрде жоғары деңгейімен қатар жүрмейтіні анықталды. Алынған нәтижелер негізінде өңірлік типология ұсынылып, жастар кәсіпкерлігін қолдау шараларын саралау бойынша ұсынымдар әзірленді. Зерттеу нәтижелері өңірлік мониторинг жүргізуде және жастар кәсіпкерлігінің аумақтық әркелкілігінің даму факторларын одан әрі талдауда пайдаланылуы мүмкін. Ұлттық деңгейде корпоративтік бағдарлану коэффициенті 2023 жылғы 12,9%-дан 2025 жылы 12,1%-ға дейін төмендеп, заңды тұлғалардың салыстырмалы үлесінің азайғанын көрсетті. CIAG көрсеткіші екі ұйымдастырушылық нысан арасындағы елеулі белсенділік айырмашылығын айқындады.