COMPARATIVE ANALYSIS OF NEUROBIOLOGICAL LITERACY AND CRITICAL ATTITUDES TOWARD NEUROMYTHS AMONG STUDENTS OF PEDAGOGICAL UNIVERSITIES IN DIFFERENT COUNTRIES

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bsj.2025.v11.i3.055
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің нейробиологиялық сауаттылық деңгейі мен нейромифтерге сыни көзқарасы Грекия, Германия, Венгрия, Түркия, Ресей және Қазақстан материалдары негізінде салыстырмалы талданды. Зерттеудің теориялық өзегі ретінде нейробиологиялық сауаттылық ұғымы ми дамуы, нейропластика, есте сақтау, зейін, эмоция және оқыту арасындағы ғылыми дәлелденген байланыстарды түсіну ғана емес, сонымен бірге псевдоғылыми педагогикалық пайымдарды сын тұрғысынан бағалау қабілеті ретінде қарастырылды. Салыстырылған еңбектер көрсеткендей, елдер арасындағы мәдени және институционалдық айырмашылықтарға қарамастан, болашақ мұғалімдер арасында оқу стильдері, «оң/сол ми» типтері, Brain Gym тәрізді қимыл-қозғалыс жаттығулары және оқу жетістігін мидың қарапайым схемаларымен түсіндіру сияқты нейромифтер тұрақты сақталып отыр. Мәселен, Грекияда болашақ мұғалімдер орта есеппен нейромифтердің 43,62%-ын қолдаған, Венгрияда нейромиф тұжырымдары бойынша қате жауаптардың орташа үлесі 56,9% болған, Германиядағы болашақ жаратылыстану пәні мұғалімдерінде 10 нейромифке сену деңгейі 50%-дан жоғары тіркелген, ал Ресейдегі педагогика бағыты студенттері арасында оқу стильдері мифін қолдау 92%-ға жеткен. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 115 студенті қамтылған материалдар да осы үрдісті қуаттайды: жартышарлық доминанттылыққа қатысты сұрақтарда дұрыс жауап үлесі 0,8-11,5% ғана болғанымен, нейробиологиялық білімнің мұғалім үшін маңызды екенін 82,3-90,8% респондент мойындаған. Қорытындысында педагогикалық жоғары білім жүйесінде нейромифтерді тек ақпараттық жетіспеушілік емес, кәсіби сыни сауаттылық тапшылығы ретінде қарастыру қажеттігі дәлелденеді және арнайы модуль, дәлелді оқыту практикасы, рефутациялық тапсырмалар мен ғылыми дереккөздерді бағалау дағдыларын күшейту ұсынылады.