ЭСТЕТИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ ЧЕРЕЗ ВИЗУАЛЬНУЮ КАРТИНУ ИНТЕРНЕТА

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.23
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада визуалды интернет-контенттің қарқынды таралуы жағдайында білім алушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі цифрлық бейнелердің жасөспірімдердің эстетикалық талғамына ықпалының күшеюі мен оларды білім беру үдерісінде саналы түрде пайдаланудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз әзірленуі арасындағы қарама-қайшылықпен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – интернеттің визуалды көрінісінің педагогикалық әлеуетін анықтау және цифрлық бейнелермен, виртуалды музейлермен, білім беру платформаларымен және әлеуметтік желілердегі визуалды материалдармен арнайы ұйымдастырылған жұмыстың тиімділігін эксперименттік тұрғыдан тексеру. Зерттеудің әдіснамалық негізін мәдени-тарихи тұғыр, эстетикалық тәрбие, визуалды сауаттылық, медиамәдениет және қатысу мәдениеті тұжырымдамалары құрады. Зерттеу квазиэксперименттік педагогикалық дизайн негізінде жүргізілді. Экспериментке 8–9-сыныптарда оқитын 60 оқушы қатысты. Олар әрқайсысы 30 оқушыдан тұратын эксперименттік және бақылау топтарына бөлінді. Диагностикалау барысында педагогикалық бақылау, сауалнама, шығармашылық жұмыстарды талдау, сараптамалық бағалау және визуалды контентті интерпретациялауға арналған тапсырмалар қолданылды. Эстетикалық тәрбиелілік деңгейі төрт критерий бойынша анықталды: визуалды бейнелерді эмоционалдық-құндылық тұрғысынан қабылдау, эстетикалық бағалау қабілеті, көркем мәдениетке қызығушылықтың тұрақтылығы және визуалды хабарламаларды талдау дағдылары. Қалыптастыру бағдарламасы үш айға созылып, цифрлық көркем коллекциялар мен интернет-бейнелерді талдауды, виртуалды экскурсияларды, шығармашылық тапсырмалар мен рефлексиялық шағын жобаларды қамтыды. Эксперименттік топта эстетикалық тәрбиелілігі жоғары оқушылардың үлесі 20,0%-дан 46,7%-ға дейін артса, төмен деңгейдегі оқушылардың үлесі 30,0%-дан 10,0%-ға дейін азайды. Анықталған өзгерістердің статистикалық мәнділігі дәлелденді: χ² = 6,34; df = 2; p = 0,042; Крамердің V коэффициенті = 0,325. Бақылау тобында статистикалық мәнді өзгерістер анықталған жоқ. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде визуалды интернет-ортаны пайдаланудың педагогикалық шарттарын нақтылаумен сипатталады. Алынған нәтижелер мақсатты педагогикалық сүйемелдеу жағдайында визуалды интернет-контенттің эстетикалық қабылдауды, көркемдік талғамды және медиасауаттылықты дамытудың тиімді құралы бола алатынын растайды.