КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ГИБРИДИЗАЦИЯСЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.28
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ тілінің коммуникативтік кеңістігіндегі кірме сөздердің гибридтену үдерісі құрылымдық-сөзжасамдық, морфологиялық, графикалық және социолингвистикалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кірме компоненттердің қазақ тілінің лексикалық, сөзжасамдық және грамматикалық жүйесіне бейімделу ерекшеліктерін анықтап, гибрид бірліктердің негізгі модельдерін жүйелеу. Зерттеу материалы ретінде ақпараттық технологиялар, жарнама, қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету салаларындағы қолданыстар, сондай-ақ коммерциялық атаулар мен қоғамдық коммуникацияда кездесетін кірме және аралас құрылымдар алынды. Құрылымдық-сөзжасамдық, компоненттік, контекстік, салыстырмалы, графикалық және социолингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде гибридизацияның бірнеше өнімді үлгісі айқындалды: кірме негіздің қазақ тілінің грамматикалық көрсеткіштерін қабылдауы; кірме түбірдің сөз тудырушы жұрнақтармен тіркесуі; кірме және төл компоненттерден құралған аналитикалық бірліктер; әртүрлі графикалық жүйелердің бір атауда қатар қолданылуы; латын графикасы арқылы қазақша атаудың визуалдық трансформациясы. 19–58 жас аралығындағы 60 респондентке жүргізілген сауалнама атаудың тілдік және графикалық формасы тұтынушының алғашқы қабылдауына, есте сақтауына және мекеме имиджін бағалауына ықпал ететінін көрсетті. Зерттеу қазақ тіліндегі гибридизацияны тек кірме лексиканың көбеюі емес, тілдік жүйенің жаңа коммуникативтік жағдайларға бейімделуінің бір көрінісі ретінде қарастыруды ұсынады.