INTERTEXTUALITY OF A LITERARY WORK AS A FACTOR IN TEXT PERCEPTION

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.39
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Интертекстуалды байланыстар көркем көркем әдеби мәтіндер астарындағы өзара байланыстың күрделі жүйесі мәтіннің мағынасы мен эстетикалық әсерін қалыптастыратын механизмдерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұндай құбылыс Дж. Кристьева зерттеулерінде интертекстуалдылық ретінде бағаланып, көркем мәтін теориясында мәтін талдаудың жаңа бағытын қалыптастырды. Осы бағытта, зерттеудің өзектілігі – зерттеу нәтижелері қазіргі заманғы әдебиет, салыстырмалы әдеби талдау және интертекстуалдық байланыстар арқылы мәдени кодтарды зерттеулер үшін негіз болады. Зерттеудің мақсаты – көркем әдебиеттегі интертекстуалдылықтың функцияларын анықтау және оның көркем шығарманы оқырман тарапынан қабылданудағы әсерін бағалау. Мәтін талдауда интертекстуалдылық теориясын қолдану және оны игеру әдеби мәтіннің семантикалық жаңалыққа қалай жететінін және мәдени дәстүрді қалай жеткізетінін түсінуге көмектеседі. Бұл тақырыптың маңыздылығы жаһандану және мәдени кодтардың үнемі алмасуы жағдайында интертекстуалды байланыстардың көркемдік коммуникацияның маңызды құралына айналуынан туындайды. Зерттеу нәтижесінде көркем мәтіндегі интертекстуалдылық әсері мәтіннің тілдік құралдарды сәтті қолданысымен қатар, мәтін астарындағы идеяның оқырманның қабылдауымен үндесетіні дәлелденді. Мәтін әсерін бағалаудағы салыстырмалы әдістер мен стилистикалық талдау көркем мәтіннің идеологиялық және эстетикалық құрылымын қалыптастырудағы интертекстуалдық рөлін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелерін көркем мәтін теориясы мен филологиялық талдауда қолдануға мүмкіндік бар.