ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕДИАКЕҢІСТІГІ: ЖАСТАР СЛЕНГІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.31
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала жаһандану дәуірінде медиакеңістікте кеңінен қолданыста жүрген сленгтік бірліктердің бағалауыштық қызметін зерттеуге арналған. Мақалада қазіргі медиакеңістіктегі тілдің даму динамикасына ықпал ететін сленгтердің эмоционалды-экспрессивті, прагматикалық және бағалауыштық, дискурстық қырлары, адресант пен адресат арасындағы қатынасты реттеудегі рөлі талданады. Мақаланың мақсаты - жаһандану дәуірінде медиакеңістіктегі сленгтердің бағалауыштық қызметін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды: 1) медиакеңістіктегі түрлі платформалардан (WhatsApp, Telegram, Instagram, Facebook, қазіргі қазақ кинолары) сленгтер жинақтау; 2) қазіргі жастардың сленгтерді қаншалықты жиі пайдаланатынын, қолдану мақсатын, сленгтердің жастар танымындағы бағалауыштық сипатын анықтау үшін онлайн форматта (Google form) сауалнама алу; 3) сленгтердің ассоциациялық кеңістігін құру; 4) жастар танымындағы сленгтердің бағалауыштық сипатын талдау; Зерттеу нәтижесінде сленгтердің тек тілдік құбылыс қана емес, әлеуметтік бағалау мен топтық бірегейлікті қалыптастыратын маңызды дискурстық құрал екендігі анықталды. Сауалнама қорытындысы қазіргі жастардың 83% күнделікті тұрмыста сленгтерді белсенді қолданатынын көрсетті. Сонымен қатар нәтижеге сәйкес сленгтердің ассоциациялық кеңістігі анықталып, сол бағыт бойынша бірнеше түрге жіктелді. Мақаладан алынған қорытындылар қазіргі қазақ медиа тілінің даму үдерістерін сипаттауға және бағалауыштық семантика мәселелерін тереңдетіп зерделеуге мүмкіндік береді.