Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық қозғалысының қазақ әдебиетінде бейнеленуі

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3085.424
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты белең алды. Отаршылдыққа қарсы алғашқы әрі маңызды көтерілістер ұзақ жылдарға созылды. Ұлт-азаттық сипат алған сондай наразылықтың бірі – Сырым Датұлы бастаған көтеріліс. Бұл мақаланың мақсаты 1783-1797 жылдары патшаның отарлау саясатына қарсы күрестің басшысы, батыр Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың көркем әдебиетте бейнеленуін талдауға арналған. Қазақ тарихында маңызды орын алатын бұл көтерілістің басшысы би, шешен Сырымның ерлігі мен батырлығын халық ақындары тарихи жырларға арқау етті, ақын Ғұмар Қараш «Сырым батыр», Ығылман Шөреков «Исатай – Махамбет» дастанында көркемдікпен жырлады. Ұлттық әдебиеттегі батыр туралы аңыз-әңгімелер мен тарихи жырлардың қатары кеңестік дәуір тұсында Ғабит Мүсіреповтің «Болашаққа аманат» атты тарихи пьесасымен толықты. Сонымен қатар Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Сырым батырдың кісе белдігі туралы сюжет те батыр образын толықтыра түседі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жазушы, драматург Рақымжан Отарбаевтың «Сырым батыр» пьесасы мен көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романында батырдың сом тұлғасы көркемдікпен бейнеленді. «Тар кезең» тарихи романында жазушы тарихымыздағы күрделі оқиғаларды, белгілі тұлғаларды зерделеп, тарихи шындықтың көркемдік шешімін бейнелеген. Сонымен қатар Сырым Датұлы туралы бірнеше публицистикалық және ғылыми мақалалар жазылды. Зерттеудің міндеті – аталған туындыларға талдау жасай отырып, тарихымызда маңызды орын алатын Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының көркем әдебиетте бейнеленуі арқылы тарихи шындықтың көркемдік шешімін зерделеу. Зерттеу тарихи шығармалардың ұлттық жадыны жаңғыртуға қосатын үлесін саралауымен өзекті. Мақалада Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс пен елдік үшін күрескен тарихи тұлғалар туралы туындыларға салыстырмалы талдау жасалады. Ұсынылған материалдарды қазақ әдебиетінің тарихынан элективті курстар оқуда пайдалануға болады.