РАЗРАБОТКА СИСТЕМЫ МОНИТОРИНГА КАЧЕСТВО ВОЗДУХАЗЛИЧНЫХ РАЙОНАХ ГОРОДА КАРАГАНДА

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.10
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қарағанды қаласының әртүрлі аудандарындағы атмосфералық ауаның сапасын бақылауға арналған мониторинг жүйесін әзірлеу қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі өнеркәсіптік кәсіпорындар, жылу электр станциялары, автокөлік және жеке тұрғын үй секторынан шығатын зиянды заттардың атмосфералық ауаның ластану деңгейін арттырып, халық денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсер етуімен түсіндіріледі. Жұмыстың мақсаты – зиянды заттардың концентрациясын үздіксіз өлшеп, алынған мәліметтерді орталық мониторинг жүйесіне жеткізетін құрылымдық сұлбаны әзірлеу. Жұмыста экологиялық мониторингтің заманауи әдістері, оның ішінде зертханалық, қашықтан зондтау және спутниктік бақылау тәсілдері талданып, Қарағанды қаласының негізгі атмосфералық ластану көздері зерттелді. Зерттеу нәтижелері негізінде Arduino Uno микроконтроллері, азот диоксидін, күкірт диоксидін және көмірқышқыл газын өлшейтін газ датчиктері, сондай-ақ деректерді сымсыз жеткізуге арналған RFM95W модулі қолданылған мониторинг жүйесінің құрылымы ұсынылды. Сонымен қатар жүйенің принциптік сұлбасы мен жұмыс алгоритмі әзірленіп, өлшеу нәтижелерін жинау, өңдеу, беру және шекті мәндерден асқан жағдайда автоматты бақылауды жүзеге асыру қарастырылды. Ұсынылған жүйе қарапайымдылығымен, кеңейту мүмкіндігімен және атмосфералық ауаның сапасын автоматтандырылған бақылау жүйелерінде қолдануға жарамдылығымен ерекшеленеді.