І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ "КӨШПЕНДІЛЕР”РОМАНЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.34
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ халқының тарихы көптеген маңызды әрі күрделі кезеңдерден тұрады. Тарихи оқиғалар ұлттық дүниетанымның, мәдени құндылықтардың және тілдік сананың қалыптасуына елеулі ықпал етті. Осы тұрғыдан алғанда, тарихи романдарды білім беру үдерісінде пайдалану студенттердің лингвомәдени құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романын қазақ тілін оқыту барысында лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді құралы ретінде қарастыру. Аталған шығарма қазақ халқының ортағасырлық тарихын көркемдік тұрғыдан бейнелеп, тарихи шындықты ұлттық дүниетаным, салт-дәстүр және тілдік ерекшеліктермен сабақтастырады. Романда кездесетін тарихи атаулар, тұрақты тіркестер, этномәдени ұғымдар, мақал-мәтелдер, антропонимдер мен қоғамдық қатынастарды сипаттайтын тілдік бірліктер студенттердің тілдік және мәдени білімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шығармадағы кейіпкерлердің әлеуметтік мәртебесі мен өзара қарым-қатынасы тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктерін түсінуге жағдай жасайды. Тарихи оқиғаларға негізделген сюжеттік құрылым студенттердің мәтін мазмұнын болжау, тарихи-мәдени контексті түсіндіру және тілдік бірліктердің ұлттық мәнін анықтау қабілеттерін жетілдіреді. Осылайша, «Көшпенділер» романы қазақ тілін оқытуда тіл мен мәдениетті өзара байланыстыра отырып, студенттердің лингвомәдени құзыреттілігін кешенді дамытуға ықпал ететін маңызды көркем-дидактикалық ресурс болып табылады.