Орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін инклюзивті оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3085.422
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі жаһандану дәуіріндегі білім беру парадигмасының өзгеруімен және қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы инклюзивті тәсілдердің жеткіліксіз зерттелуімен айқындалады. Қазіргі таңда инклюзия тек физиологиялық ерекшеліктермен шектелмей, тілдік, әлеуметтік және психологиялық бейімделуді қажет ететін кең ауқымды тенденцияларды қамтиды. Зерттеудің мақсаты – орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың тұлғалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін тиімді әдістемелік модельді негіздеу. Осы мақсатқа жету үшін инклюзивті ортада көркем мәтінді қабылдау ерекшеліктерін анықтау, мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін бағалау және оқыту стратегияларын сұрыптау міндеттері қойылды. Зерттеу қазақ әдебиеті пәнін инклюзивті ортада оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін талдау және жүйелеу негізінде жүргізілді. Мақалада сабақ үдерісінде визуализация, деңгейлік тапсырмалар және интерактивті диалогтық технологияларды қолданудың мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері айқындалып, олардың оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қолдаудағы рөлі қарастырылды. Талдау нәтижелері аталған тәсілдердің инклюзивті білім беру жағдайында оқу материалының қолжетімділігін арттырып, оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескеруге жағдай жасайтынын көрсетеді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы инклюзивті білім беруді тек медициналық емес, пәндік-әдістемелік контексте (қазақ әдебиеті негізінде) қарастырып, жаңа инновациялық тәсілдерді теориялық тұрғыдан жүйелеуінде. Практикалық құндылығы зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулық ретінде, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында қосымша материал ретінде қолдану мүмкіндігімен сипатталады. Талдау нәтижелері инклюзивті оқытудың көпкомпонентті стратегияларын сабақ үдерісіне интеграциялаудың тиімділігін дәлелдейді.