ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫН МАНИПУЛЯЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.91.3.001
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік желілер арқылы жастар санасына ықпал етудің манипуляциялық әдістері микродеңгейіндегі талдау аясында қарастырылады. Зерттеу барысында циярлық ортадағы ақпараттық ағындардың құрылымы, пайдаланушылардың мінез-құлық ерекшеліктері және жеке тұлғаның қабылдау механизмдері талданды. Авторлар әлеуметтік желілерді қолданылатын манипуляциялық технологиялардың негізгі түрлерін жүйелеп, олардың жастардың дүниетанымы мен құндылықтық бағдарларына әсер ету тетіктерін айқындайды. Сонымен қатар онлайн кеңістікте белсенд әрекет ететін радикалды және деструктивті топтардың ақпарттық ықпал ету стратегиялары қарастырылады. Мақалада манипуляциялық контенттің жалған сенімдер қалыптастырудағы, сыни ойлауды әлсіретудегі және қоғамдық пікірге жанама әсер етудегі рөлі көрсетіледі. Циярлық коммуникация жағдайындағы ақпараттық ықпалдардың әлеуметтік және психологиялық салдарына талдау жасалады. Зерттеу нәтижелері жастар аудиториясына бағытталған ақпараттық манипуляциялардың таралу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қорытынды бөлімде медиасауаттылықты арттыру, сыни ойлауды дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған практикалық ұсыныстар берілді.