Aутизм спектрі бұзылған оқушыларды әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық шарттары

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3123.418
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада авторлар аутизм спектрі бұзылған балаларды әлеуметтендіруді тиімді жүзеге асыру үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлардың дұрыс айқындалуының аса маңызы болып табылатындығын саралайды, атап айтқанда, психологиялық-педагогикалық жағдайлар әуел бастан дұрыс айқындалып, олар орынды әрі дер кезінде қолданылған ретте аутизм спектрі бұзылған балаларды әлеуметтендіруде оң нәтижелерге едәуір тез әрі тиімді жолмен қол жеткізуге мүмкіндік туындайтындығы баяндалады. Сондай-ақ аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс жасау кезінде қоршаған ортаға айрықша мән берудің қажеттілігі жайлы тұжырымдама жасалған. Аутист балаларды әлеуметтендіру кезінде, балаларға әлеуметтік дағдыларды үйретуді мүмкіндігінше үйреншікті ортада өткізудің әлдеқайда тиімді болатындығына дәлелдемелер келтірілген. Сонымен қатар, мақала авторлары аутизм спектрі бұзылған балаларды әлеуметтендіруді тәуліктің нақты бір белгілі кезеңінде өткізудің тиімділігіне назар аударады. Мақалада аутизм спектрі бұзылған балаларды әлеуметтендіру кезінде сенсорлық үзілістер жасаудың қажеттілігі жайлы қорытынды жасалған, себебі, аутизм спектрі бұзылған балаға шамадан тыс сенсорлық жүктеме түсіру аутист бала үшін сан түрлі жағымсыз салдар туғызып әлеуметтендіру процессін едәуір қиындатады. Авторлар аутизм спектрі бұзылған баламен әлеуметтік байланыстар орнату мәселесіне тоқтала келіп, әңгімелесу нәтижесінде баланың әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларының жақсартатындығына дәлелдемелер келтіреді. Сонымен бірге аутизм спектрі бұзылған баланы тәрбиелеп отырған отбасына психологиялық қолдау көрсетудің маңызды екендігі талданып, әлеуметтендіру барысында баланың жеке басының психикалық қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін ескерудің қажет екендігі сараланған.