ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.63
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының қалыптасуы, қоғамдық-саяси және құқықтық қызметі, сондай-ақ XIX ғасырдағы Ресей империясының әкімшілік-құқықтық реформалары жағдайындағы өзгерістері қарастырылады. Билер институты қазақ қоғамының дәстүрлі басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде талданып, билердің сот төрелігін жүзеге асырумен қатар қоғамдық қатынастарды реттеу, ел ішіндегі дауларды шешу, саяси мәселелерге араласу және дипломатиялық қызмет атқарудағы орны айқындалады. Зерттеуде билердің қоғамдық беделінің қалыптасу ерекшеліктеріне, оларды таңдаудың дәстүрлі қағидаларына және билер сотының әдет-ғұрып құқығымен байланысына назар аударылады. Сонымен қатар XIX ғасырда Ресей империясының қазақ даласында жүргізген әкімшілік-құқықтық реформаларының билер институтының мәртебесі мен қызметіне тигізген ықпалы сараланады. 1822 және 1824 жылдардағы реформалардан бастап XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданған әкімшілік ережелерге дейінгі өзгерістер негізінде дәстүрлі билік институтын империялық басқару жүйесіне бейімдеу үдерісі қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде патша өкіметінің реформалары билер институтын бірден жоймағанымен, оның дәстүрлі қоғамдық-саяси мазмұнын біртіндеп өзгертіп, қызмет аясын негізінен жергілікті сот ісімен шектеуге бағытталғаны тұжырымдалады. Осы тұрғыдан билер институтының XIX ғасырдағы трансформациясы қазақ қоғамының дәстүрлі басқару құрылымдарының Ресей империясының әкімшілік жүйесіне кірігу үдерісінің құрамдас бөлігі ретінде бағаланады.