Судың химиялық ластану көздерін анықтау негізінде білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3123.412
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда судың химиялық ластану көздерін анықтаудың маңызы қарастырылады. Аталған бағыт лабораториялық практикумдар мен экскурсиялар барысында жүзеге асырылатын тиімді әдістер арқылы сипатталады. Жоғары білім беру жүйесін реформалау жағдайында негізгі мақсат – мобильді білім беру негізінде болашақ мамандардың кәсіби қызметін өз бетінше ұйымдастыра алатын тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Авторлар оқу процесінде студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін жүйелі түрде дамытпай, бұл мақсатқа жету мүмкін еместігін атап өтеді. Осыған орай, жоғары оқу орындарының басты міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың ақпаратты өз бетінше меңгеру, оны талдау, өңдеу және стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеттерін дамыту болып отыр. Мақалада зерттеушілік құзыреттіліктің құрылымдық компоненттері – мотивациялық, коммуникативтік, рефлексиялық және тұлғалық қырлары жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар, судың химиялық ластану көздерін анықтау негізінде білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстың нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында судың ластануының негізгі үш түрі – биологиялық, химиялық және физикалық ластану – сипатталып, олардың негізгі көздері анықталған. Сондай-ақ білім алушылардың ақпарат жинау, бақылау жүргізу, зерттеу нәтижелерін талдау, ғылыми болжам жасау, қорытынды шығару және практикалық шешім ұсыну дағдылары бағаланды.