Жасөспірімдер арасындағы буллингтік қарым-қатынастың орын алу жиілігі мен формалары

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3123.414
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада жасөспірімдер арасында буллингтің таралу деңгейі мен түрлері талданып, оның әлеуметтік-педагогикалық алдын алу жолдары қарастырылады. Зерттеу барысында Д. Олвеустің Revised Olweus Bully/Victim Questionnaire (OBVQ-R) сауалнамасының бейімделген нұсқасы қолданылып, осы сауалнама негізінде 13–17 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан алынған жауаптар бойынша деректер жиналды. Сауалнама нәтижелерінен буллингтің жиілігі, кездесетін қысымның түрлері мен формалары анықталып, буллингкке қатысушылардың рөлдері және олардың буллингке деген көзқарастары мен ерекшеліктері талданды. Жасөспірімдердің буллингтік қарым-қатынасына сипаттамалық және салыстырмалы талдау жасалып, жүйелеу, сараптау әдістері арқылы өңделді, нәтижелері кестелермен, диаграммалармен көрсетіліп, сандық көрсеткіштермен интерпретацияланды. Нәтижелер бойынша вербалды және әлеуметтік буллинг түрлерінің басым екені, сондай-ақ кибербуллингтің әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жиі жүзеге асатыны анықталды. Буллинг көбіне сынып ішінде және үзіліс уақытында орын алып, ересектер тарапынан бақылау жеткіліксіз аймақтарда байқалды. Тұжырым ретінде буллингтің алдын алуда көпдеңгейлі және кешенді тәсілдің, соның ішінде мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы тиімді өзара әрекеттестіктің маңыздылығы анықталды. Мақала соңында сауалнама қорытындыларына сүйене отырып, буллингті әлеуметтік-педагогикалық алдын алуға бағытталған ұсыныстар берілді.