Мектеп оқушыларының әдеби туристік-өлкетану білімін қалыптастырудың жолдары

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3123.416
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мектеп оқушыларына әдеби-туристік білім мен құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеу жұмысы қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасында туризмді, соның ішінде рухани-мәдени және әдеби туризмді дамыту мәселелерімен сабақтастырыла талданады. Автор Шығыс Қазақстан облысын еліміздің табиғи сұлулығы мен тарихи-мәдени әлеуеті жоғары өңірі ретінде сипаттай отырып, оның әдеби және лингвистикалық туризм тұрғысынан зерттелу қажеттілігін негіздейді. Мақалада өңірдің мәдени және тарихи ескерткіштерін, киелі жерлерін, әдеби тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына қатысты нысандарды, топонимдер мен оларға қатысты аңыз-әңгімелерді оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланудың жолдары талданады. Автор туристік бағыттар айқындалғанымен, оларға қатысты кешенді әдеби-өлкетанулық және топонимиялық жолсілтемелер мен цифрлы ресурстардың жеткіліксіз екенін атап өтеді. Осы тұрғыдан алғанда, Шығыс Қазақстанның топонимдерінің шығу тегін, мағыналық сипатын және солармен байланысты аңыздарды зерттеу өңірдің әдеби және лингвистикалық туризмін дамытуда маңызды рөл атқаратыны дәлелденеді. Мектеп оқушыларына арналған әдеби-туристік білім беру жүйесі тұлғаның ұлттық құндылықтарды тануына, туған жер тарихы мен мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталғаны айқындалады. Әдеби туризмнің тәрбиелік және танымдық қызметі, оның тұлғаның рухани және мәдени дамуына ықпалы ғылыми тұрғыдан дәйектеледі. Мақалада әдеби туризмнің негізгі формалары мен бағыттары, экскурсиялық және өлкетанулық іс-шаралардың мазмұны сипатталып, олардың мектептегі білім беру мен тәрбие жұмысына интеграциялану жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар, мектеп кітапханаларының әдеби-өлкетанулық және мәдени-ағартушылық бағыттағы қызметінің оқушылардың шығармашылық ойлауын, туған жерге сүйіспеншілігін арттырудағы рөлі айқындалады. Авторлар мектеп оқушыларына арналған әдеби-туристік іс-шаралардың мазмұнын, құрылымын және ұйымдастыру тетіктерін ғылыми негізде талдап көрсетеді.