ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ МАНСАПТЫҚ ҰСЫНЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2026_42_3_15
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Еңбек нарығының жылдам өзгеруі және білім беру деректерінің қолжетімділігінің артуы жағдайында жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі мансаптық ұсыным жүйелерін әзірлеу өзекті бағыттардың біріне айналды. Алайда деректер түрлері мен алгоритмдерді таңдау ерекшеліктерінің модельдердің болжамдық дәлдігі мен есептеу тиімділігіне әсері жеткілікті деңгейде жүйеленбеген. Осы зерттеудің мақсаты – ЖИ негізіндегі мансаптық ұсыным жүйелеріне арналған заманауи зерттеулерді жүйелеу және деректер түрлері, алгоритмдер мен бағалау көрсеткіштері арасындағы байланысты анықтау. Зерттеу PRISMA 2020 әдіснамасы негізінде жүргізілген жүйелі шолуға сүйенеді. Талдау «деректер түрі-алгоритм-бағалау көрсеткіші» байланысы тұрғысынан орындалды. Нәтижелер қарастырылған зерттеулерде жіктеу міндеттерінің басым екенін (56%) және құрылымдалған кестелік деректердің ең жиі қолданылатынын (76%) көрсетті. Ең жоғары болжамдық дәлдік негізінен ансамбльдік және нейрондық желі модельдерінде байқалды. Сонымен қатар зерттеулердің көпшілігінде есептеу тиімділігі жүйелі түрде бағаланбайтыны анықталды: жұмыстардың 76%-ында бұл көрсеткіштер қарастырылмаған. Бұдан басқа, алгоритмдерді таңдау көбіне пайдаланылатын деректер түрлерімен байланысты екені көрсетілді. Зерттеу нәтижелері мансаптық ұсыным жүйелеріндегі алгоритмдік тәсілдерді жүйелеуге мүмкіндік береді және болашақ зерттеулер үшін бағалау хаттамаларын стандарттау, есептеу тиімділігін жүйелі есепке алу және мультимодальды деректерді кеңінен пайдалану қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар ұлттық еңбек нарығы мен білім беру ерекшеліктеріне бейімделген ЖИ негізіндегі ұсыным жүйелерін дамыту өзекті бағыт болып табылады.