Ә. НҰРПЕЙІСОВТІҢ «СОҢҒЫ ПАРЫЗ» РОМАНЫНДАҒЫ ПОСТКОЛОНИЯЛЫҚ ЭКОСАНА КӨРІНІСТЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-156-3-154-165
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетінің тарихында Арал теңізінің экологиялық мәселесін алғашқылардың бірі болып көтерген Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы – одақтың Арал теңізіне жасаған саясатын сынға алған батыл туынды екені талданады. Автордың негізгі мақсаты – романда көрініс тапқан отарлық зардаптарын, оның табиғатпен қатар адам тағдырына тигізген салдарын ашып көрсету. Идеясы кеңес билігінің қазақ даласында жүргізген саясатының астарында экологиялық империализм жатқанын көрсету, сол арқылы жазушының қоғамға жеткізгісі келген азаматтық үнін айқындау. Зерттеу нәтижелерін экопроза, постколониализм, антропоцентризм бағытында жазылған жұмыстарда, кеңес дәуіріндегі әдебиетті талдау, оқыту мақсатында пайдалануға болады. Зерттеудің өзекті теориялық негізі ретінде экологиялық империализм концепциясы алынып, герменевтикалық, мәтіндік талдау әдісі пайдаланылған. Нәтижесінде адам мен жануарды тұтас, табиғи әлемнің бір бөлшегі ретінде бейнелеген жазушы шеберлігі анықталған. Мұнымен қоса, империялық сана енгізген табиғат байлығына тонаушылық көзқараспен қараудың салдары экологиялық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да тым ауыр болатындығы тұтас халық тағдыры арқылы дәлелденген. Жұмыс постколониялық сана мен экологиялық сананы ұштастыруда, қазақ даласында жүргізілген отарлау үдерісінің адамзатқа ғана емес, табиғаты, флорасы мен фаунасына тигізген зардаптарын түстеп, танып-білуде, антропоцентристік логикасына сыни баға беруде елеулі ықпал ететінін бағамдайды. Дәлірек айтқанда, отарлау зардабын тартқан ұлттың бойында экологиялық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді.