ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АЛТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҮЙ-ЖАЙ ЛЕКСИКАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-156-3-71-80
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ және алтай тілдеріндегі үй-жай атауларымен байланысты тұрмыстық лексика салыстырмалы-лингвистикалық аспектіде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – екі туыстас тілдегі үй-жайға қатысты атаулардың тарихи негізін, семантикалық құрылымын және лингвомәдени мазмұнын анықтау. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, лексика-семантикалық, сипаттамалық, жүйелеу және лингвомәдениеттанулық әдістер қолданылды. Эмпирикалық материал ретінде қазақ және алтай тілдерінің түсіндірме, диалектологиялық, этнографиялық сөздіктері мен әртүрлі стильдегі мәтіндер пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде қазақ және алтай тілдеріндегі үй-жай лексикасының ортақ түркілік негізден бастау алатыны, алайда тарихи даму мен мәдени тәжірибеге байланысты екі тілде өзіндік лексика-семантикалық ерекшеліктер қалыптасқаны анықталды. Қазақ тілінде үй лексемасы баспана ұғымының ядролық атауы ретінде көрінсе, алтай тілінде осы ұғымды білдіруде айыл, тура сияқты лексемалардың белсенді қолданылатыны байқалды. Сонымен қатар үй-жай атауларының тек материалдық мәдениетті білдіріп қоймай, этностың дүниетанымын, отбасылық қатынастарын, әлеуметтік құрылымын және кеңістік туралы түсінігін бейнелейтін мәдени код қызметін атқаратыны айқындалды. Мақала нәтижелері түркі тілдеріндегі тұрмыстық лексиканы салыстырмалы тұрғыдан зерттеуге үлес қосып, үй-жай атауларының тарихи-семантикалық эволюциясын әрі қарай кеңірек түркілік материал негізінде қарастыруға негіз болады.