ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ ТАНЫМЫНДАҒЫ «АДЫРАСПАН» ЛЕКСЕМАСЫНЫҢ АССОЦИАТИВТІК ӨРІСІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-156-3-45-56
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

«Адыраспан» сөзі – қазақ халқының салт-дәстүрінде, наным-сенімінде ерекше орын алған лексема. Ол тек өсімдік мәнінде емес, символдық, ритуалдық және емдік мәнге ие. Зерттеу мақсаты – қазіргі қазақ жастарының тілдік санасында «адыраспан» концептісінің қандай ассоциациялармен байланысты екенін анықтап, олардың семантикалық, мәдени және когнитивтік мәнін сипаттау. Зерттеу нысаны – 17-25 жас аралығындағы қазақ жастарының «адыраспан» сөзіне берген реакциялары (634 жауап). Қазақ жастарының бұл сөзге қатысты ойы, елесі, ассоциациялары салыстырылып, олардың тілдік санасы мен этнотанымындағы ерекшеліктер сараланады. Аталған шөпке қатысты елестету, бағалау мен қолдану ерекшеліктері арқылы жастардың дүниетанымы, салт-санасы мен тілдік санасындағы реакция сөздер анықталады. Мақаланың өзектілігі қазақ халқының тұрмыс-салтында, наным-сенімдерінде кең орын алған адыраспан шөбінің қазіргі жастардың тілдік санасындағы көрінісін айқындаудан танылады. Этномәдени кодтар, магиялық-медицина концептілері және тілдік ассоциациялар арқылы «адыраспан» ұғымының танымдық деңгейі зерделенеді. Этнолингвистика мен этнопсихолингвистикада белгілі бір ұлттың дүниені тану ерекшелігі, тілдік бейнелеу құралдары мен мәдени когнитивтік моделі арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері қазақ этнолингвистикасы мен психолингвистикасында дәстүрлі лексемалардың заманауи қабылдану ерекшелігін, олардың мәдени кодтағы орнын анықтауға негіз болады.