ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.91.3.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық қауіпсіздіктің рөлі мен орнын анықтауға арналған, мақаланың мақсаты - ұлттық қауіпсіздік түрі ретінде экологиялық қауіпсіздіктің ерекшелігін анықтау, оны қамтамасыз етудің саяси-құқықтық тетіктерін анықтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қарау. Зерттеудің міндеттеріне нормативтік-құқықтық базаны, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, экологиялық қауіптерді бағаламау кезіндегі тәуекелдерді және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін институционалдық механизмдерді талдау кіреді. Зерттеудің әдіснамалық негізіне салыстырмалы саяси талдау, ресми құжаттардың контент-талдауы, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлардың өзара әрекеттесуін бағалауға жүйелі көзқарас элементтері кіреді. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің декла-ративті сипатқа ие екендігін және оны Ұлттық қауіпсіздік шеңберінде институционализациялауға жүйелі көзқарасты талап ететіндігін растайды. Бұл зерттеудің маңыздылығы оның экологиялық өлшеу арқылы оны кеңейте отырып, қауіпсіздік туралы саясаттану дискурсының дамуына үлес қосатындығында, сонымен қатар осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар ұсынады.