ҰЛТТЫҚ КЕСТЕ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМДІК-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ КРИТЕРИЙЛЕРІ, КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/pedagogical/2026/iss3pp37-49
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ұлттық кесте негізінде студенттердің көркемдік-шығармашылық әлеуетін қалыптастыру деңгейін бағалаудың ғылыми критерийлері, көрсеткіштері және диагностикалық құралдары қарастырылады. Қазіргі жоғары білім беру жүйесінде болашақ бейнелеу өнері және көркем еңбек педагогтерін даярлау барысында білім алушылардың кәсіби даярлығы мен шығармашылық әлеуетін объективті бағалау білім сапасын арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Осыған байланысты ұлттық кестені оқыту үдерісінде студенттердің көркемдік-шығармашылық құзыреттілігін кешенді бағалауға мүмкіндік беретін ғылыми негізделген бағалау жүйесін әзірлеу ерекше өзектілікке ие. Зерттеуде бағалау жүйесі мотивациялық-құндылықтық, когнитивтік, операциялық-іс-әрекеттік, шығармашылық-рефлексивтік және нәтижелік компоненттер негізінде құрылды. Әрбір компонент бойынша нақты критерийлер мен көрсеткіштер айқындалып, олардың қалыптасу деңгейлері жоғары, орта және төмен деңгейлер бойынша сипатталды. Сонымен қатар диагностикалық құралдар ретінде сауалнама, бақылау карталары, практикалық тапсырмалар, шығармашылық жобалар, портфолио, өзін-өзі бағалау, сараптамалық бағалау, рефлексиялық күнделік және құзыреттілікке бағытталған тест тапсырмалары ұсынылды. Зерттеу барысында теориялық талдау, педагогикалық эксперимент, бақылау, салыстырмалы талдау, эксперттік бағалау және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері ұлттық кестені оқыту барысында студенттердің көркемдік-шығармашылық әлеуетінің даму динамикасын дәл анықтауға, білім беру нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз етуге және кәсіби даярлық сапасын жетілдіруге мүмкіндік беретін тиімді диагностикалық жүйенің қалыптастырылғанын көрсетті. Ұсынылған бағалау моделі жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жетілдіруде, болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін кешенді бағалауда және ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді оқыту әдістемесін ғылыми негізде ұйымдастыруда қолданылуы мүмкін.