COMPARATIVE STUDY OF THE MINERAL COMPOSITION OF MEAT FROM SPENT LAYING HENS AND BROILER CHICKENS USING THE ICP-MS METHOD

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/ftsj4917
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ет саласының өзекті мәселесінің бірі ақуызды шикізат қорын тиімді пайдалану, өңдеу өндірістерінде шикі ет ресурстарының тапшылығының орнын толтыру үшін жұмыртқа өндірісінен шектетілген тауық етін ұтымды пайдалану шешімдерін қарастыру. Зерттеудің мақсаты тауық еттерінің минералдық құрамын анықтау, ет өндірісі мен жұмыртқа өндірісінен шектетілген тауық етінің макро-микроэлементтерінің көрсеткіштерін салыстырмалы бағалау. Зерттеу барысында «Сарыағаш құс» ЖШС-нің өндірістен шектетілген тауықтың, бақылау үлгісі ретінде ет өндіру бағытындағы «Алель-Агро» АҚ-ның тауық ұшаларының сирақ, төс, сан еттерінің минералдық құрамы ҚР СТ ИСО 17294-2-2006 Varian-820MS бойынша индуктивті байланысқан плазмасы бар масс-спектрометрде зерттелді. Тауық еттерінің құрамында натрий, магний, фосфор, калий, кальций макроэлементтері және алюминий, мырыш, кремний микроэлементтері бар екені келтірілді. Жұмыртқа өндірісінен шектетілген тауық ұшасының сирақ етінде салмақтық % бойынша Na –7,16; Mg –2,85; К –25,96; төс етінде Na –5,35; Сa –1,24; сан етінде Р –17,42; К –28,71; Mg –2,55 мөлшері ет өндірісі бағытындағы тауық етінің құрамымен салыстырғанда жоғары екенін көрсетті. Екі бағыттағы еттердің құрамындағы маңызыды макро-және микроэлементтердің бір-бірінен айырмашылығы шамалас